2025 жылғы 21 қаңтарда колледжде өндірістік оқыту шебері Петрикова Анна Александровна ашық өндірістік сабақ өткізді. Сабақ педагогтердің тамақтану саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыруға арналған біліктілікті арттыру курстары барысында алынған білімдерді қолдану арқылы дайындалды.
Сабақтың тақырыбы — «Ашытқылы және бисквитті қамырдан кондитерлік өнімдер дайындау технологиясы» — студенттерде тұрақты практикалық дағдыларды қалыптастыру, технологиялық ойлауды дамыту және кәсіби мәдениетті жетілдіру мақсатында таңдалды.
Сабақ барысында білім алушылар ашытқылы және бисквитті қамыр дайындаудың ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, олардың технологиялық үдерістегі айырмашылықтарын, пісіру режимдерін және өнімді сәндеудің түрлі тәсілдерін меңгерді. Сабақ шынайы өндірістік жағдайларға барынша жақын ортада өткізілді, бұл студенттерге нақты жұмыс атмосферасын сезінуге және теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік берді.
Сабақтың практикалық бөлімі келесі кезеңдерді қамтыды:
- 
шикізатты дайындау және өлшеу; 
- 
қамыр илеу; 
- 
өнімдерді қалыптау; 
- 
қамырды ашыту (расстойка); 
- 
пісіру және дайын өнімдерді сәндеу. 
Тапсырмаларды орындау барысында ерекше назар:
- 
қолданылатын шикізаттың сапасына, 
- 
рецептура мен технологиялық параметрлердің дәл орындалуына, 
- 
санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына, 
- 
сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен техника қауіпсіздігі ережелеріне аударылды. 
Жұмыс аяқталғаннан кейін дайын өнімдерге дәм тату ұйымдастырылып, талдау жүргізілді. Студенттер жіберілген қателіктерді талқылап, оларды түзету жолдарын анықтады және орындалған жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасады.
Сабақтың нәтижелері студенттердің кәсіби құзыреттілікті сәтті меңгеріп жатқанын, практикалық дағдыларын сенімді түрде көрсетіп, өндірістік тәртіпті сақтай алатынын және алған білімдерін нақты жағдайда қолдануға қабілетті екенін көрсетті.
Осындай сабақтарды өткізу болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға, мамандыққа жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыруға, сондай-ақ студенттердің дербестігі мен бастамашылдығын дамытуға ықпал етеді.
Директордың өндірістік оқыту
жөніндегі орынбасары Копеев А.Х.
Қаралым саны: 137
 
				






 
		