Кәсіптік бағдар беру

Мамандыққа апарар жол

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ-нің «Кәсіби бағдарлаушылар» командасы Ақжар ауданындағы Бестерек , Талшық, Қазан, Дәуіт, Қызылту, Ақжарқын орта мектептеріне барды.

Кездесу барысында арнайы пән оқытушылары Мусарипова Д.А. Жаркенов Р.С. , ө/о шеберлері Петрикова А.А. және Шакенова Е.С., сонымен қатар дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дарбаев А.Ж. және 3 курс студенті Баяндина А.сөз сөйледі.

Болашақ талапкерлермен кездесу жылы, сенімді атмосферада өтті. Қонақтар оқу орны, қолжетімді мамандықтар мен кәсіптер, қабылдау ережелері, құжаттарды тапсыру мерзімдері туралы егжей — тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ олар тәрбиелік және сыныптан тыс жұмыстармен таныстырылды.

Баяндина Айзада колледждегі студенттік өмір, студенттердің түрлі іс-шараларға қатысуы, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ынталандыру мен марапаттау туралы айтты.

Кәсіптік бағдар беру жұмысының ерекшелігі «Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру», «Есеп және аудит», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандықтары бойынша викторина болды.

Балалар викториналық сұрақтарға белсенді жауап беріп, тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Мұндай іс-шаралар болашақ талапкерлерді оқу орындарына тартуға көмектеседі, сонымен қатар мектеп оқушыларына оқу орындары туралы толық ақпарат беріп, саналы таңдау жасауға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Жиналғандарға кітапшалар таратылды. 

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Патонич Н.А.

 Ашық есік күні

2025 жылдың 14 мамырында «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ – де кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында «Ашық есік күні» атты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шара колледжде дәстүрлі мерекеге айналды және Ақжар ауданындағы мектеп оқушыларының колледжімізге келуге шақыруды қабыл алғаны өте қуаныштымыз.

Іс-шараны колледж директоры Ж.К. Сакимова ашты. Жібек Қарбайқызы өз сөзінде келешекте көкірегі ояу, біліктілігі жоғары, даму болашағы бар, өзін ұйымдастырушы ретінде көрсете алатын, жаңа рационализаторлық ұсыныстарды жүзеге асыра алатын, техникалық құралдарды ойлап таба алатын, сонымен қатар қарапайым механикалық жұмыстарды орындауға қабілетті мамандар өте қажет екенін атап өтті.

Келесі кезекте балалар колледжіміздің даму тарихымен, колледждің дайындап жатқан мамандықтарымен, ұстаздар мен студенттердің жетістіктерімен танысты. Колледж оқытушылары мен студенттері қонақтарға экскурсия ұйымдастырып, жатақхананы, оқу кабинеттерін, зертханалар мен шеберханаларды көрсетті. Жол қозғалысы ережелерін білу бойынша «Бағдаршамның тас жолы» сайысы өткізіліп, тілек білдірушілер «XXI ғасыр көшбасшысы» және «Тағам палитрасы» интеллектуалды ойындарында өз білімдері мен дағдыларын көрсете білді.

Шара соңында қорытынды шығарылып, белсенділік танытқан балалар мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Қоштаса отырып, балалар колледжге деген ақ тілектерін жазды.

«Ашық есік күні» – мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысының бір түрі, ол оқу орнымен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, оқу — тәрбие процесінің міндеттерімен танысуға мүмкіндік береді. 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А. Потонич 

«Ленинград ауыл шаруашылығы колледж» директорының «Серпін» жобасын жүзеге асыру аясында Түркістан облысына іс сапары 

2025 жылдың 7-10 сәуір аралығында «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ директоры Ж.К. Сакимова «Серпін» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, сондай-ақ Жетісай, Сайрам, Ордабасы және Мақтааралы аудандарының мектеп түлектерімен және олардың ата-аналарымен кездесулер өткізілді. Қамтылған ата-аналар саны – 87: Жетісай – 24, Сайрам – 15, Ордабасы – 29, Мақтааралы – 19 ата-ана.

Сайрам ауданында Сайрам ауданы және Ақсу ауылындағы екі мектепте болды. № 61 орта мектепте 70 оқушымен, №7 орта мектепте 90 оқушымен кездесулер өткізілді.

Оларға колледжімізде сапалы техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді. Студенттердің ауылымызға бейімделуі, жатақханамен қамтамасыз етілуі, шәкіртақы мен тегін тамақпен қамтамасыз етілуі, колледжді бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мәселелері түсіндірілді. Осы кездесулердің нәтижесінде Сайрам ауданындағы мектептерінен 4 оқушы қыз біздің колледжге оқуға ниет білдірді.

Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, колледж оқытушылары білім бөлімдерінің әдіскерлерімен және мектеп мұғалімдерімен түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп, Түркістан облысының аудандарынан мектеп түлектерімен онлайн кездесулер өткізуде. 

Директор Сакимова Ж.К.

 

 

 

Мақаланы құрған күні 15.04.2025 12:43

Мақаланы жаңартқан күні 20.05.2025 16:30