Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес

Педагогикалық этиканың кейбір мәселелері туралы

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы

11 мамырдағы № 190 бұйрығының 1-қосымшаға сәйкес Педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау.

  • Педагог мәртебесі туралы (Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ).

15-бап. Педагогтің міндеттері мен жауапкершілігі

1. Педагог:

1) өз қызметі саласында тиісті кәсіби құзыреттерді меңгеруге;

2) оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық қағидаттарын сақтауға, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген талаптардан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге;

3) өзінің кәсіби шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санатының деңгейін бес жылда кемінде бір рет арттыруға (растауға);

4) педагогикалық әдеп қағидаларын сақтауға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен профилактикалық медициналық тексеруден өтуге;

6) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша дағдыларын, құзыреттерін арттыруға;

7) қоғамның әлеуметтік, мәдени және экономикалық дамуына жәрдемдесуге;

8) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

9) өмірлік қиын жағдайда жүрген баланың анықталу фактілері туралы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жүйесі органдарын дереу хабардар етуге

10) кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер (әрекетсіздік) жасау фактілері туралы, сондай-ақ ұйымдардан тыс кәсіби қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға ;

11) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға, заңды өкілдерге консультация беруге, оларға оқыту мен тәрбиелеуге ортақ жауапкершілік қағидаттарын түсіндіруге міндетгі.

2. Педагог білім беру процесін саяси үгіттеу, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді саяси, діни немесе өзге де сенім-нанымдарды қабылдауға не олардан бас тартуға мәжбүрлеу үшін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік тиесілік белгісі, дінге көзқарасы бойынша азаматтардың ерекшелігін, астамшылығын не кемшіндігін насихаттайтын, оның ішінде білім алушыларға Қазақстан Республикасының ұлттары мен ұлыстарының тарихи, ұлттық, діни және мәдени дәстүрлері туралы анық емес мәліметтерді хабарлау арқылы үгіттеу үшін, сондай-ақ білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануға құқылы емес.

Бекжанова С.Г. — директордың ОІ жөніндегң орынбасары.

  • Педагогикалық әдеп қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығы.)

«Заманауи мұғалімнің этикасы» презентациясын көрсету.

Әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс жоспарының 11 тармағын орындау шеңберінде және бекітілген кестеге сәйкес «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжінде» ағымдағы жылдың 18 сәуірінде педагоикалық ұжыммен педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Жүсіпбекова Қ.А. әңгіме өткізді.

Кеңес мүшелері өз сөзінде Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті құру туралы айтып, өз жұмысын ұйымдастыру Ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар, білім беру ұйымының басшысы Кеңесті құру кезінде заң талаптарының сақталуын да, Кеңесті уақтылы сайлау үшін қажетті рәсімдердің орындалуын да қамтамасыз етіп, жағдай жасап, жәрдемдесетініне назар аударылады. Жиын соңында ұстаздар өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында алдымен колледж кеңесіне жүгіну керектігі, алынған ұсыныстармен келіспеген жағдайда оқытушының Әдеп жөніндегі кеңеспен кеңесу мүмкіндігі бар екендігі түсіндірілді.

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес

Д иректордың ОІ жөніндегі орынбасары Бекжанова С.Г.

10.06.2022
Қаралым саны: 403