2026 жылғы 1 қазанда КММ «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжінде» Еңбек күніне орай ««Уақыт сынынан өткен мамандықтар: дәлдік, талғам және шеберлік.» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға колледж білім алушылары және әртүрлі кәсіп иелері — Абилов Р. К., Петрикова Л. В., Фалькенберг Р. В., Сакимова А. С., Заможская С. А., Мукашев С. К. қатысты.
Кездесу барысында қонақтар өз мамандықтары туралы әңгімелеп, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Олар кез келген қызмет саласында еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің және кәсіби шеберліктің маңызы зор екенін атап өтті.
Іс-шара жылы әрі танымдық жағдайда өтіп, білім алушыларға мамандықтар әлемі туралы көбірек білуге, еңбектің адам өміріндегі маңызы мен қадірін түсінуге жақсы мүмкіндік берді.

05.10.2026
Қаралым саны: 15
Қаралым саны: 15