Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу

2024 жылдың 31 қазанында ҚМУ Ленинград ауылшаруашылық колледжінде есірткі тұтынудың, жастар арасындағы бұзақылықтың, интернет — алаяқтықтың алдын алу мақсатында колледж студенттерінің құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Іс-шараның басында Ақжар ауданы бойынша ОПППБ анықтау қызметкері Құсайынов А.А. есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар, есірткінің адам ағзасына зиянды әсері және есірткі мен психотроптық заттарды қолданумен байланысты аңыздар туралы айтып, жиналғандарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы еске салды. Есірткі бизнесімен байланысты құқық бұзушылықтар үшін Алмаз Амангелдіұлы өз әңгімесінде ұрлық, тонау, бопсалау сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік туралы айтты. Оқушыларға қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатынын және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді.

Жиын барысында әлеуметтік желілерде қарым — қатынас жасау кезіндегі қауіпсіз мінез — құлық ережелері, сондай-ақ тыйым салынған ұйымдар өкілдерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу және жастарды өз қатарына тарту әдістері туралы сұрақтар талқыланды.

Шара соңында барлық студенттерге «Алаяқтардың құрбаны болмаудың жолдары» атты парақшалар таратылды. 

Әлеуметтік педагог Нусупова А.М.

11.11.2024
Қаралым саны: 32