2023 жылдың 3 мамырында Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында «Ленинград ауылшаруашылығы колледжі» КММ кітапханасында Надворная И.В. 21-топ студенттерімен «Сол заманның батырлары» атты тақырыпта екінші дүниежүзілік соғыстағы Қазақстан батырларына арналған әдеби сағат өткізді.
Мақсаты: Ұлы Отан соғысының батырларына, Отанымыздың өткеніне құрметпен қарауды қалыптастыру.
Шара барысында студенттер сұрапыл соғыс туралы әңгімелеп, Кеңес халқы жеңіске қалай қолжеткізгенін және оның қандай бағамен жеңгенін айтты. Кітапханашы балалар мен жасөспірімдерге арналған соғыс туралы, үздік шығармалар туралы айтып берді. Сондай-ақ «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда"От Калуги до Берлина", "Батырлык кайтавазы", "Третий Адъютант", "Твои полигоны мужества"кітаптары қойылған.
Кітап көрмесінен соң, студенттер Кеңес Одағының батырлары – қазақстандықтар туралы деректі фильм тамашалады.
Қаралым саны: 82