Тапқырлар мен алғырлар» интеллектуалдық ойын

13.10.2023 жылы қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы аясында «Ленинград ауылшаруашылық колледжі» КММ-сінің СП мүшелері, №1 Ленинград ОМ және №2 Ленинград ОМ оқытушыларымен бірлесіп , үйде оқитын балалар мен зерек қыздармен «Тапқырлар мен алғырлар» интеллектуалдық ойынын өткізді».

Бұл іс-шараның мақсаты: балаларға оқу ойындарынан қуаныш пен ләззат сыйлау, танымдық белсенділігі мен логикалық ойлауын дамытуға ықпал ету.

Ойынға Ленинград ауылшаруашылық колледжі КММ-сінің КДМ басшысы М.М.Мадиярова және мектеп мұғалімдері В.А.Пансевич, Р.А.Малгаждарованың

жетекшілігімен №1 Ленинград ОМ және №2 Ленинград ОМ оқушылары: Рощина Лиза, Елеманова Мадина және Қалиев Әділжан қатысты. Балалар сұрақтарға жауап беріп, логикалық есептер мен жұмбақтарды шешті. Бұл ойында жеңілгендер болған жоқ, барлық балалар тапсырмаларды мүлтіксіз орындады!

Ойынға қатысушылардың барлығын құттықтаймыз және жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!!!

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегіорынбасары
Н.А. Патонич

13.10.2023
Қаралым саны: 73