«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу айлығы»

2023 жылдың 5 мамырында «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ-інде «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу айлығы» экологиялық акциясы басталды.

Іс-шараның басты мақсаты – қазақстандықтардың табиғатқа деген құрметін насихаттау, туған өлкенің аумағын бірлесіп көгалдандыру.

Шараға колледж қызметкерлері мен студенттері қатысты. Бұл күні колледж алаңына 30-дан астам Акация көшеттері отырғызылды.

Жасыл кеңістіктер – бұл планетаның «өкпесі», бұл- тұрғындардың денсаулығы, ол- таза ауа. Әркімнің көмегі мен қатысуы адамзаттың қазынасын – планетамыздың бірегей экожүйесін сақтау мүмкіндігін арттырады. 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А. Потонич

 

 

05.05.2023
Қаралым саны: 211