2023 жылдың 13 мамырында «Жасыл мекен» челленджі

2023 жылдың 13 мамырында «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ студенттері «Жасыл мекен» челленджіне белсене қатысты.

«Жасыл мекен» челленджі оқушылардың экологиялық мәдениетін, табиғатты, қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеу, қоршаған ортаны ғана емес, адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған.

Бұл күні колледж алаңына 30-дан астам акация көшеттері отырғызылды.

Жасыл кеңістіктер – бұл планетаның «өкпесі», бұл тұрғындардың денсаулығы, ол таза ауа. Әркімнің көмегі мен қатысуы адамзаттың қазынасын – планетамыздың бірегей экожүйесін сақтау мүмкіндігін арттырады.

13.05.2023
Қаралым саны: 150