Жаңа жылдық ғажайып әрекет

2022 жылдың 25 желтоқсанында Жаңа жыл мерекелері қарсаңында «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ–нің «Мирас» волонтерлік қозғалысының мүшелері «Жаңа жылдық ғажайып» акциясын өткізді.

Мақсаты: ең маңызды рухани–адамгершілік және әлеуметтік құндылықтар ретінде студенттердің бойында азаматтықты, патриоттық сезімді қалыптастыру.

Еріктілер – колледж студенттерін мерекелерімен құттықтап, қиын жағдайда отбасы Балаларына сыйлықтар тарту етті.

Акция іс–шараның барлық қатысушылары үшін үлкен маңызға ие, өйткені ол студенттердің бойында әлеуметтік маңыздылық, ұжымшылдық сезімін қалыптастыруға арналған. 109 адам қамтылған.

 «Мирас» волонтерлар клубының жетекшісі Іздібай Б.Ж.

28.12.2022
Қаралым саны: 224