«Қауіпсіз жаз»

2026 жылғы 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ студенттері Ленинград ауылдық округінің балалары үшін «Қауіпсіз жаз» акциясын өткізді.

Іс-шараның мақсаты — балаларға жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салу. Акция барысында балалар үшін танымдық ойындар мен викторина ұйымдастырылып, қатысушылар жолдағы, су айдындарының маңындағы, балалар ойын алаңдарындағы және тұрмыстағы қауіпсіздік ережелері бойынша білімдерін бекітті.

Іс-шара достық әрі мерекелік көңіл-күйде өтті. Балалар байқауларға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, қауіпсіздік ережелерін жақсы меңгергендерін көрсетті.

Акция соңында барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталды.Осындай іс-шаралар балалардың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, жазғы демалыстың қызықты әрі қауіпсіз өтуіне ықпал етеді. 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А. Потонич


01.06.2026
Қаралым саны: 11