2025 жылдың 7-10 сәуір аралығында «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ директоры Ж.К. Сакимова «Серпін» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, сондай-ақ Жетісай, Сайрам, Ордабасы және Мақтааралы аудандарының мектеп түлектерімен және олардың ата-аналарымен кездесулер өткізілді. Қамтылған ата-аналар саны – 87: Жетісай – 24, Сайрам – 15, Ордабасы – 29, Мақтааралы – 19 ата-ана.
Сайрам ауданында Сайрам ауданы және Ақсу ауылындағы екі мектепте болды. № 61 орта мектепте 70 оқушымен, №7 орта мектепте 90 оқушымен кездесулер өткізілді.
Оларға колледжімізде сапалы техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді. Студенттердің ауылымызға бейімделуі, жатақханамен қамтамасыз етілуі, шәкіртақы мен тегін тамақпен қамтамасыз етілуі, колледжді бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мәселелері түсіндірілді. Осы кездесулердің нәтижесінде Сайрам ауданындағы мектептерінен 4 оқушы қыз біздің колледжге оқуға ниет білдірді.
Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, колледж оқытушылары білім бөлімдерінің әдіскерлерімен және мектеп мұғалімдерімен түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп, Түркістан облысының аудандарынан мектеп түлектерімен онлайн кездесулер өткізуде.
Директор Сакимова Ж.К.
Қаралым саны: 19