«Біздің отбасымыздың сүйікті тағамы» облыстық қашықтан өткізілген байқау

«Ленинград ауылшаруашылық колледжі» КММ және Солтүстік Қазақстан облысының білім беру басқармасы студенттердің аспаздық шеберлігін дамытуға және отбасылық дәстүрлерді нығайтуға бағытталған «Біздің отбасымыздың сүйікті тағамы» онлайн байқауын өткізді. 

Байқаудың мақсаты:

  • Аспаздық шеберлікті дамыту және отбасылық дәстүрлерді нығайту.
  • Оқушылар мен ата-аналар арасындағы бірлескен шығармашылық іс-әрекеттерді ынталандыру.
  • Дұрыс тамақтануды және ұлттық тағамдарды насихаттау. 

Солтүстік Қазақстан облысындағы 12 колледжден жиырма бір студент байқауға қатысты. Әрбір колледж ең көбі екі жұмыс ұсына алды.

Байқау онлайн режимінде өтті. Қатысушылар сүйікті отбасылық тағамының дайындалуын көрсететін бейнероликтерді ұсынып, отбасылық дәстүрмен бөлісу мүмкіндігін берді.

Жұмыстар рецептінің түпнұсқалығы, бейнематериалдың сапасы, эстетикалық безендірілуі және тақырыпқа сәйкестігі бойынша бағаланды. Барлық қатысушылар сертификаттармен, ал жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды. 

Әдіскер Копеева А.Р.

Протокол «Любимое блюдо нашей семьи» (PDF 431 Kb)

10.11.2025
Қаралым саны: 99