Тілдер күні – біздің ортақ мерекеміз

Биыл қазақстандықтардың бірегей мерекесі Тілдер күніне 26 жыл толып отыр. Ол өткен ғасырдың аяғында, 1998 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығымен бекітіліп, содан бері 85-тен астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпұлтты еліміз үшін жыл сайын қыркүйек айында тойланып келеді Татулықпен бұл мереке діни және ұлттық сәйкестіктен тыс өзара байланысты, бірлік пен рухтың тұтастығын білдіреді. 

2024 жылдың 5 қыркүйегінде «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ-де Қазақстан халқының тілдері күніне арналған іс-шаралар өтті.

Іс-шаралардың мақсаты: Халықтың мәдени мұрасын зерделей отырып, ұлттық тілге деген қызығушылықты ояту, ұлттық мәдени мұраны игерудегі патриоттық сезімді қалыптастыру. Бұл күні 1 -курс студенттері үшін «Тұрар Рысқұлов – тарихи тұлға» атты кеш өтті. Балалар қазақтың көрнекті ғалымы, әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашының өмірі мен шығармашылығымен, қазақ халқының бақытты болашағы үшін жанын қиған өз Отанының нағыз патриотының өмірімен танысты.

1курс студенттері «Туған елім тұғырым» ойыны – викторинасында шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін көрсетті.

Барлық іс-шаралар жасөспірімдердің адамгершілік негіздерін, мемлекеттік тілге сүйіспеншілігін, мақтаныышыын және Қазақстан халқы тілдерін құрметтеуге бағытталған.

Директордың тәрбие ісі орынбасары Н.А.Патонич

10.09.2024
Қаралым саны: 216