2023 жылдың 11 қазанында «Ленинград ауылшаруашылық колледжі» КММ-сінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың, есірткі қолданудың, жастар арасында бұзақылықтың алдын алу мақсатында колледж студенттерінің құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесуі өтті. Мұндай кездесулер келеңсіз құбылыстардың алдын алумен қатар, студенттердің құқықтық білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Шара басында Ақжар аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Е.Б.Махметов оқушыларға Петропавл қаласы аумағындағы төтенше жағдайдың жай-күйі туралы ақпарат берді. Еркін Болатұлы кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының себеп-салдарына ерекше тоқталды.
Келесі кезекте Еркін Болатұлы есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар, есірткінің адам ағзасына тигізетін зияны, есірткі мен психотроптық заттарды қолдануға байланысты аңыз — әңгімелерге кеңінен тоқталды. «Ломбардтық жұмыстың салдары. Жан түршігерлік ақиқат» — деген сөзден кейін Еркін Болатұлы жиналғандарға есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы тағы да еске салды.
Әңгімеде полиция подполковнигі ұрлық, тонау, бопсалау сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілікке тоқталды. Оқушыларға қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталады және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді.
Кездесу барысында әлеуметтік желілерде қарым-қатынас жасау кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері, сондай-ақ тыйым салынған ұйымдар өкілдерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу және жастарды өз қатарына алу әдістері туралы сұрақтар талқыланды.
Шара соңында барлық студенттерге «Алаяқтардың құрбаны болмаудың жолдары» атты парақшалар таратылды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А. Потонич
Қаралым саны: 75