2022 жылдың 17 ақпанында«Ленинград ауылшаруашылық колледж» «COVID-19-ға қарсы вакцинация «жақтап» немесе «қарсы» тақырыбында пікірсайыс өтті. Дебаттың мақсаты колледж студенттерін «Вакцинация», «Короновирустық инфекция дегеніміз не», «COVID-19 алдын алу» ұғымдарымен таныстыру болды.Дебатқа 1, 2, 3 курс студенттері қатысты.
Кіріспе сөзді колледждің медицина қызметкері Т.С.Амзина сөйледі.
Пікірсайыс спикері қатысушыларды дебат ережесімен таныстырды. Одан кейін залдағы тыңдаушылар арасында сауалнама жүргізілді: «Вакцинаны енгізу үшін және оған қарсы» деген тыңдаушылардың пікірі екіге жарылды. Тыңдаушылардың 70%-ы екпеге «жақтаса», 30%-ы екпеге «қарсы» болды.Екі топ арасындағы пікірталас үлкен қызығушылықпен өтті, көптеген қызықты фактілер егуге ЖАҚТАУ да, ҚАРСЫ да айтылды. Тыңдаушылар пікірталасқа белсене қатысты, сұрақтар қойды, вакцинацияны жақтайтын дәлелдерін қосты.Пікірталас үлкен қанағаттанушылыққа ие болды, нәтижесінде вакцинация қажет деген қорытындыға келді, өйткені аурудың алдын алған дұрыс. Үздік спикерлер 1 курс студенттері Лябибов Самат және Заимидорога Максим.дипломдармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А.Потонич
Қаралым саны: 63