«Ауғанстан – тірі естелік» ерлік сабағы

2024 жылдың 14 ақпанында «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ-сінде Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауғанстан – тірі естелік» тақырыбында «Ерлік сабағы» өтті.

Мақсаты: студенттердің интернационалист-жауынгерлер туралы білімдерін кеңейту;

1979 - 1989 жылдары Ауғанстан Демократиялық Республикасындағы Кеңес жауынгерлері мен офицерлерінің интернационалдық борышын өтеуін мысалға ала отырып, студенттердің патриоттық сезімін оятып, еліміздің тарихына терең құрметпен қарауға тәрбиелеу.

15 ақпан – Ауған соғысына қатысқандар үшін ерекше күн. Бұл Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарыла бастаған күні. Ерлік сабағына Ауған соғысының ардагері Алин Марат Олжабайұлы шақырылды. Марат Олжабайұлы қонақтарға өмірбаянын, қай жерде қызмет еткенін, қандай марапаттарға ие болғанын айтып берді.

Студенттер Ауған соғысының тарихымен танысты, жарияланбаған Ауған соғысының басталу себептері мен оның ұзақтығы туралы, Кеңес әскерлерінің орны толмас шығыны туралы, тағдыр тауқыметін тартқан жерлестеріміз туралы білді. Біз жауынгерлік борышын өтеу кезінде асқан табандылық, жанқиярлық және ерлік көрсеткен жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, қаза тапқан жауынгерлер мен офицерлерге құрмет көрсетіп, рухына тағзым еттік.

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегіорынбасары Н.А. Патонич

 

15.02.2024
Қаралым саны: 55