Білім күні мерекесі мен жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өткізілді

2023 жылы 1 қыркүйек күні «Ленинград ауылшаруашылық колледжі» КММ-сінде Білім күні мерекесі мен жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өткізілді. Колледж алаңында барлық студенттер, оқытушылар мен ата-аналар жиналды.

Колледж директоры Сакимова Жибек Карбайқызы студенттер мен оқытушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға оқуда сәттілік тілеп, осы оқу жылында білім ордасына келген студенттердің болашақта колледж атын үлкен жетістіктермен шығаратындарына сенімділік танытты.

Жүрекке жылы өлеңдер айтылып, бірінші қоңырау соғылды. Кейін студенттер «Еліміздің жарқын болашағы білімді ұрпақтың қолында» тақырыбындағы бірінші сынып сағаттарына барды.

Жиынның мерекелік атмосферасы колледждің әрленуінде, оқытушылар мен студенттердің жылы қабылдауында, үлкен курстарда оқитын студенттердің достық қол алысуында сезілді.

Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Сәттілік, үлкен жетістіктер,еңбексүйгіштік тілейміз! 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А. Потонич

01.09.2023
Қаралым саны: 253