2022 жылдың 14 желтоқсанында Балалар жылы аясында «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақтың ұлттық ойындары» атты спартакиада өтті.
Шараның мақсаты: Туған жерге, өмірге деген қызығушылықты ояту. ұлттық ойындар арқылы қазақ халқының әдет-ғұрыптарын дәріптеу.
1-3 курс студенттері арасында «Тоғыз құмалақ» және «Асық ату» бойынша сайыстар өткізілді.
Іс-шара көңілді, тартымды және қызықты өтті. Барлық қатысушылар мен жанкүйерлер қуат алды.97 адам қамтылды.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дарбаев А.Ж.
14.12.2022
Қаралым саны: 326
Қаралым саны: 326