«Педагогтердi аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттары және ҰКТ өткiзу ережелерi туралы» семинар

2022 жылдың 18 сәуiрiнде «Ленинград ауылшаруашылық колледжi» КММ-де «Педагогтердi аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттары және ҰКТ өткiзу ережелерi туралы» семинар өттi. Семинарға пән мұғалiмдерi мен өндiрiстiк оқыту шеберлерi қатысты. Әдiскер Копеева А.Р. педагог қызметкерлердi аттестаттау ережесiнiң 30 тармақтарына сәйкес «Ережеге бойынша бiлiктiлiк тестiлеуiн өткiзу кезiнде тыйым салынған зат немесе ереже бұзушылық анықталған жағдайда педагогке бес жыл (бiлiм беру ұйымдарының басшылары — үш жыл) мерзiмге аттестаттаудан өтуге рұқсат берiлмейдi. Педагогтiң бiлiктiлiк санаты "педагог" бiлiктiлiк санатына дейiн (басшы — "бiлiм беру ұйымының басшысы" бiлiктiлiк санатына дейiн) төмендетiледi деп атап көрсеттi. Барлық мұғалiмдерге ескертпелер таратылып, қолы қойғызылды.

«Педагогтердi аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттары және ҰКТ өткiзу ережелерi туралы» семинар

18.04.2022
Қаралым саны: 111