Студенттер күніне арналған облыстық онлайн бейнеқұттықтаулар флешмобының қорытындысы

18.11.2022 ж. Студенттер күніне арналған облыстық онлайн -бейнеқұттықтау флешмобының қорытындысы белгілі болды.

Бұл байқауға 11-топ студенті Баяндина Айзада оқытушы А.Р. Копееваның жетекшілігімен қатысып, 3- орынға ие болды. Байқауға облысымыздағы 9 колледжден барлығы 11 студент қатысты.

Байқаудың мақсаты:

  • техникалық және кәсіптік білім берудің беделін арттыру;
  • эстетикалық, кәсіптік-адамгершілік бағыттар арқылы кәсіби маманды тәрбиелеу;
  • дарынды жастарды анықтау, қолдау және дамыту.

Флешмобқа Айзада бейне құттықтау дайындап, колледждегі студенттік өмірді көрсетті, ол әр күні мереке мен қызыққа толы, өйткені студенттік шақ адам өміріндегі ең жарқын кезеңдердің бірі ретінде есте қалады, күнделікті өмір кез келген мереке сияқты көңілді және бақытты өтеді.

Әдіскер Копеева А.Р.

Протокол итогов конкурса видеопоздравлений (PDF 673 Kb)

Студенттер күніне арналған облыстық онлайн бейнеқұттықтаулар флешмобының қорытындысы

18.11.2022
Қаралым саны: 253