2023 жылдың 12 сәуірінде Республикалық шахмат ойыны челленджі

2023 жылдың 12 сәуірінде «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ оқытушылары мен студенттері Республикалық шахмат сайысы челленджіне белсене қатысты.

Шахмат сайысы челленджі республикада алғаш рет өткізіліп отыр және республиканың мәдени өміріндегі бірегей оқиға болып табылады.

Челлендждің мақсаты – шахмат ойыны арқылы балалардың интеллектуалдық және ақыл-ой қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

Шайқас екі команда арасында өтті: бірінші – студенттер, екіншісі – мұғалімдер. Ойын уақытты жылдам бақылауда ойналды.

Ойынның қорытындысы бойынша колледж оқытушылары студенттерге 1 орынды «жіберді».

Шахматтан жақсы ойынды 2 курс студенттері Сагитова Жасмин мен Жукеев Рүстем көрсетті. Құттықтаймыз, жаңа жеңістер тілейміз!!!

12.04.2023
Қаралым саны: 228