Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ-нің «Кәсіби бағдарлаушылар» командасы Ақжар ауданындағы Бестерек , Талшық, Қазан, Дәуіт, Қызылту, Ақжарқын орта мектептеріне барды.
Кездесу барысында арнайы пән оқытушылары Мусарипова Д.А. Жаркенов Р.С. , ө/о шеберлері Петрикова А.А. және Шакенова Е.С., сонымен қатар дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дарбаев А.Ж. және 3 курс студенті Баяндина А.сөз сөйледі.
Болашақ талапкерлермен кездесу жылы, сенімді атмосферада өтті. Қонақтар оқу орны, қолжетімді мамандықтар мен кәсіптер, қабылдау ережелері, құжаттарды тапсыру мерзімдері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ олар тәрбиелік және сыныптан тыс жұмыстармен таныстырылды.
Баяндина Айзада колледждегі студенттік өмір, студенттердің түрлі іс-шараларға қатысуы, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ынталандыру мен марапаттау туралы айтты.
Кәсіптік бағдар беру жұмысының ерекшелігі «Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру», «Есеп және аудит», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандықтары бойынша викторина болды.
Балалар викториналық сұрақтарға белсенді жауап беріп, тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Мұндай іс-шаралар болашақ талапкерлерді оқу орындарына тартуға көмектеседі, сонымен қатар мектеп оқушыларына оқу орындары туралы толық ақпарат беріп, саналы таңдау жасауға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Жиналғандарға кітапшалар таратылды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Патонич Н.А.
Қаралым саны: 75