«Бухгалтерлік есеп» пән апталығы

22-26 қаңтар аралығында колледжімізде кәсіби бухгалтерлік есеп апталығы өтті. Апталық барысында оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырды, оның негізгі мақсаты – «Есеп және аудит» мамандығы бойынша студенттер арасында кәсіби және жалпы құзыреттіліктерді дамыту және оқытудың кәсіби бағдарын арттыру.

Пәндік апталық аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді:

22 қаңтар – Апталықтың ашылуы.

23 қаңтар – арнайы пәндер оқытушысы Головко Н.В. «Экономиканың су асты әлемі» викториналық сабағы және «Негізделген экономика» сайысы өткізілді.

24 қаңтар – кітапханашы И.В.Надворная «Мамандықтар әлемінде» тақырыбында сөзжұмбақ шешу түрінде іс-шара өткізді.

25 қаңтар – өндірістік оқыту шебері Сабирова А.Е. колледж студенттерімен «21 ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды-танымдық ойынын өткізді.

26 қаңтар – Апталықты қорытындыланды.

Апта соңында қорытынды шығарылып, барлық қатысушыларға сертификаттар мен тәтті сыйлықтар табыс етілді. Ең бастысы, олар өз мамандығын одан әрі оқуға қызығушылығы мен құлшынысы арта түсті. Бухгалтерлік есеп апталығы қызықты да оқиғаға толы болды. 

Әдіскер Көпеева А.Р.

26.01.2024
Қаралым саны: 66