2022 жылдың 9 желтоқсанында Петропавл қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы колледжде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай облыстық дебат турнирі өтті.
Дебат турнирінің мақсаты: студенттер арасында интеллектуалдық демалыс объектілерін насихаттау және танымдық белсенділікті ынталандыру.
Дебат турниріне 17 қарашада өткен аймақтық дебат турнирінің жеңімпаздары, «Кәсіптік оқыту және сервис колледжі» КММ, «ОҚО университетінің колледжі» КММ, «СҚО университетінің колледжі» КММ, «М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжі» КММ, Саумакөл «Агротехникалық колледж» КММ және біздің «Ленинград ауыл шаруашылық колледжі» КММ командасы барлығы 6 команда қатысты.
Біздің команда атынан 2 курс студенті Максим Заимидорога және 1 курс студенті БаяндинаАйзада қатысты.
Облыстық дебат турнирінің қорытындысы бойынша «Ленинград ауылшаруашылық колледжі» КММ-нің «ZASTAR» командасы 4 –орынға ие болды.
Дебат клубының жетекшісі Қ.А.Жүсіпбекованы және дебат қатысушыларын шын жүректен құттықтаймыз!
Колледж директорының орынбасары Патонич Н.А.
Қаралым саны: 367