«Тіл - достықтың тірегі» тілдер апталығы туралы мәлімет

Тілдер апталығы жоспарға сай өтті. Стендте ұлы жазушылардың сөздері, тақырыптар бойынша қосымша тапсырмалар, ту ілінді. Сондай-ақ 3 тілдегі кітаптардан шағын көрме ұйымдастырылды. Апталықтың ашылуында студенттер мен ұстаздар ұлттық «Асық» ойынын ойнап, сергіту сәті өтті.

1 және 2 курс студенттері арасында 3 тілде «Ана тілі – білімнің кілді», «Тіл – елді біріктіретін», «Туған тілім» тақырыптарында эссе байқауы өтті. Бұл эсседе тақырып бойынша әрбір студент жеке пікірін білдірді.

Оқушылар арасында шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын, интеллектуалдық және мәдени деңгейін, топ топта жұмыс істеу, ынтымақтастықта жұмыс істеу, жауаптарды анық және дұрыс құрастыра білу, сондай-ақ қабілеттерін дамыту мақсатында «Тапқыр ерлер мен әйелдер» викторинасы өткізілді. Мұнда «команда» студенттері топта жұмыс істеу қабілетін тамаша көрсетті.Сондай-ақ мемлекеттік тілде «Алтын сөздер» ойыны өтті, онда ұлтына қарамастан барлық студенттер топпен жұмыс істей алатынын және мемлекеттік тілді меңгеру сапасын көрсетті. Оқушылар сөзжұмбақ, жұмбақ, ертегі кейіпкерлерін шешіп, актерлік қабілеттерін тамаша көрсетті. 

Нусупова А.М., Байгожина А.А.

 

03.11.2023
Қаралым саны: 105