«Вэйп - денсаулық үшін өте қауіпті» акциясы апталығы

2022 жылдың 6-12 желтоқсаны аралығында «Ленинград ауылшаруашылық колледжінде» КММ-де колледж студенттерімен «Вэйп- денсаулық үшін өте қауіпті» акциясы апталығы өтті.

Акцияның мақсаты: жасөспірімдерді вейпингтің қауіптілігі мен ықтимал салдары туралы ақпараттандыру.

Акция аясында колледждің медицина қызметкері Амзина Т.С. студенттерге «Vape және жасөспірімдер» тақырыбында дәріс оқыды, топтардың сынып жетекшілері «Ұрпақ саулығы – ұлт саулығы» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Әлеуметтік педагог Нусупова А.М., учаскелік инспектор полиция лейтенанты Е.М.Темиртасовпен бірге студенттермен «Мен және менің құқығым» тақырыбында әңгіме жүргізді. «Дұрыс және салауатты өмір салты» фракциясының мүшелері «Мен дұрыс жолды таңдаймын!» атты коллаждар байқауын өткізді, сонымен қатар ауыл тұрғындарына «Вейпингтен абай бол!» парақшаларын таратты.

Әлеуметтік педагог Нусупова А.М.

«Вэйп - денсаулық үшін өте қауіпті» акциясы апталығы

«Вэйп - денсаулық үшін өте қауіпті» акциясы апталығы

 

15.12.2022
Қаралым саны: 284