Республика күні – ұлттық мереке. 1990 жылдың дәл осы күні еліміздің тәуелсіздік жолының бастауы болған Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Алғаш рет республика өзін өзіндік дүниетанымы, жеке әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, сондай-ақ өзінің болашақтағы дамуын болжайтын бірегей, қайталанбас құрылым ретінде жариялады. Декларация Қазақстан мемлекеттілігінің тәуелсіздігінің негізін қалады. Онда Қазақстанның шынайы егемендігінің барлық белгілері бекітілді: өз аумағы мен азаматтығы, мемлекеттік биліктің тәуелсіздігі мен толықтығы, мемлекеттік бюджет, халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік, мемлекеттік егемендіктің классикалық нышандары – Елтаңба, Ту, Әнұран, сондай-ақ өзінің ұлттық валютасы.
«Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ-де Республика күніне арналған мерекелік шаралар өтті. Сондай-ақ, марапаттау рәсімі өтті, онда оқу үдерісін жетілдіргені, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы адал еңбектері үшін колледж қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды:
- Әбілғазина Нұрболды Қуандыққызы – жатақхана меңгерушісі;
Жоғары кәсібилігі мен шеберлігі үшін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының Алғысымен:
- Петрикова Анна Александровна – өндірістік оқыту шебері.
Әдіскер Копеева А.Р.
Қаралым саны: 96