Үздік ұстаздар марапатталды

Елімізде қазанның алғашқы жексенбісі – мұғалімдер күні. Ұстаз – ұлт пен ұрпақ үшін қасиетті ұғым. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда мұғалімнің еңбегі зор. Міне, сондықтан да елімізде ұстаздар күні қарсаңында мұғалімдерге құрмет көрсетіп, үздіктерін марапаттау дәстүрге айналған.

Биыл да аталған дәстүр үзілмей, мұғалімдерді марапаттау шарасы жоғары деңгейде өтті. Колледжімізде  де  аталған ұстаздар құрметке,  марапатқа ие  болды.

«Ұстаздар күнін» мерекелеуге байланысты оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ұзақ жылғы еңбегі үшін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен:

  1. Патонич Нина Александровна – директордың тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары.

Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен:

  1. Копеева Айгерім Рахымбекқызы – колледж әдіскері;
  2. Нусупова Айнур Муратхановна – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Ленинград ауылдық округі әкімінің Құрмет грамотасы:

  1. Дарбаев Асылбек Жангелдіұлы – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
  2. Шишкин Константин Сергеевич – өндірістік оқыту шебері.

Жоғары кәсібилігі мен шеберлігі үшін колледждің келесі қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды:

  1. Қайырбеков Ризабек Мұратұлы – бас есепші;
  2. Тоқсанов Барлабай Шортанұлы – шаруашылық меңгерушісі.

Әдіскер А.Р. Копеева 

Үздік ұстаздар марапатталды

05.10.2022
Қаралым саны: 133