2022 жылдың 17 қарашасында Балалар жылы аясында «Тайынша агробизнес колледжі» КММ базасында Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – Мәңгілік Ел тұғыры» тақырыбында ауданаралық дебат турнирі өтті.
Дебат турниріне Ленинград ауылшаруашылық колледжінің «JASTAR», Уәлиханов атындағы ауыл шаруашылығы колледжінің «Парасат», Аққайың ауданының аграрлық колледжінің «Жігер» және Тайынша колледжінің «LOGIKA» командалары қатысты.
Турнир өте нәтижелі, мазмұнды және қызықты өтті, әр команда фактілер мен аргументтер жүйесіне негізделген пікірлерін ортаға салды.
Пікірсайыс турнирінің қорытындысы:
1 орын – «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ «JASTAR» командасы;
2 орын – «Тайынша агробизнес колледжі» КММ «ЛОГИКА» командасы;
2 орын – «Аққайың ауданы аграрлық колледжі» КММ «Жігер» командасы;
3 орын – «Уәлиханов атындағы ауыл шаруашылығы колледжі» КММ «Парасат» командасы.
«Үздік спикер» номинациясы бойынша:
«Ленинград ауыл шаруашылығы техникумы» КММ –нің студенті Заимидорога Максим және Тайынша агробизнес колледжінің студенті. Яковлев Багдан марапатталды.
«Ленинград ауылшаруашылық колледжі» КММ «JASTAR» командасының жетекшісі Жүсіпбекова Казина Абдрахманқызы мен ұжым мүшелерін, Заимидорог Максим, Баяндин Айзад, Доронин Дмитрий және Сагитов Жасмин құттықтаймыз!
Сізге сәттілік және жаңа жеңістер тілейміз!
Директорының ТЖ орынбасары Патонич Н.А.
Қаралым саны: 275