ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ТІЛДЕР КҮНІ

2023 жылдың 5 қыркүйегінде «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ-де Қазақстан халқының тілдері күніне арналған іс-шаралар өтті.

Іс-шаралардың мақсаты: Халықтың мәдени мұрасын зерделей отырып, ұлттық тілге деген қызығушылықты ояту, ұлттық мәдени мұраны игерудегі патриоттық сезімді қалыптастыру. Бұл күні 1 -курс студенттері үшін «Қазақ халқының мақтанышы Ахмет Байтұрсынұлының портреті» атты кеш өтті. Балалар қазақтың көрнекті ғалымы, әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашының өмірі мен шығармашылығымен, қазақ халқының бақытты болашағы үшін жанын қиған өз Отанының нағыз патриотының өмірімен танысты.

1курс студенттері «Тілдер патшалығы» ойыны – викторинасында шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін көрсетті.

Колледждегі іс-шаралар соңында «Тіл – достықтың алтын көпірі» акциясы өтті. Акцияға 120-тен астам колледж студенттері қатысып, этностардың әр тілінің маңыздылығы мен мәнін әртүрлі тілдерде білдірді.

Барлық іс-шаралар жасөспірімдердің адамгершілік негіздерін, мемлекеттік тілге сүйіспеншілігін, мақтаныышыын және Қазақстан халқы тілдерін құрметтеуге бағытталған.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А. Потонич

05.09.2023
Қаралым саны: 58