Қазақстан халқының тілдер күні

2022 жылдың 5 қыркүйегінде «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ-де Қазақстан халқының тілдері күніне арналған іс-шаралар өтті.

Іс-шаралардың мақсаты: Халықтың мәдени мұрасын зерделей отырып, ұлттық тілге деген қызығушылықты ояту, патриоттық сезімді қалыптастыру. Бұл күні 1 -курс студенттері үшін «Қазақ халқының мақтанышы Ахмет Байтұрсынұлының портреті» атты кеш өтті. Балалар қазақтың көрнекті ғалымы, әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашының өмірі мен шығармашылығымен, қазақ халқының бақытты болашағы үшін жанын қиған өз Отанының нағыз патриотының өмірімен танысты.

2-3 курс студенттері «Тілдер патшалығы» ойыны – викторинасында шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін көрсетті.

Колледждегі іс-шаралар соңында «Тіл – достықтың алтын көпірі» акциясы өтті. Акцияға 125-тен астам колледж студенттері қатысып, этностардың әр тілінің маңыздылығы мен мәнін әр түрлі тілдерде білдірді.

Барлық іс-шаралар жасөспірімдердің адамгершілік негіздерін, мемлекеттік тілге сүйіспеншілігін, мақтаныышыын және Қазақстан халқы тілдерін құрметтеуге бағытталған.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А. Патонич

05.09.2022
Қаралым саны: 60