Бүгін, 2022 жылдың 15 қарашасында «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ-де жұмыс берушілер күні мерекесіне орай алғаш рет әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілердің кездесуі өтті.
Іс-шараның мақсаты – мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін жұмыс берушілермен ынтымақтастықты одан әрі нығайту.
Бұл шараның бастамашысы – ҚР Білім министрлігі. Колледжде өткен жиынға демеуші кәсіпорындар (ұйымдар), дуальды оқытуға қатысатын кәсіпорындар, мақсатты оқытуға қатысатын кәсіпорындар, сонымен қатар
«Атамекен» ҰКП Ақжар филиалының директоры Ахметов Хасен Қабиденұлы.
Таңертеңгі сағат 10.30-да басталған жұмыс берушілермен кездесу бағдарламасында бірнеше іс-шара болды. Бұл колледж бойынша экскурсия – іс-шараға қатысушыларға оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар көрсетілді, «Техникалық шығармашылық» үйірмесі және колледж студенттерінің жетістіктері экспонаттарының көрмесі, колледж түлектерімен жұмыс берушілерге арналған диалог алаңы, «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша «Ұн және кондитерлік өнімдердің технологиясы» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді.
Шара соңында әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілер көп жылғы ынтымақтастық пен жемісті еңбегі үшін Білім министрлігі мен Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Кездесу нәтижелі өтті, алдағы ынтымақтастықтың проблемалары, перспективалары мен оң аспектілері айтылды.
Колледж директоры Сакимова Ж.К.
Қаралым саны: 260