«Ашық есік күні»

2026 жылғы 21 мамыр күні кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Ленинград ауыл шаруашылық колледжі» КММ-де Ақжар ауданы мектептерінің оқушыларына арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті.

Іс-шара барысында оқушылар колледждің тарихымен танысып, жатақхананы, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша өндірістік оқыту зертханаларын аралап көрді.

Қонақтарды қарсы алу барысында колледж студенттері дайындаған кондитерлік өнімдер көрмесі ұсынылды.

Одан кейін оқушылар «Тәуелсіз аудитор» байқауына, ПДД бойынша конкурсқа және «IT Интеллект» интеллектуалдық ойынына қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Барлық қатысушылар риза болып, колледж туралы көптеген жағымды эмоциялар мен пайдалы әсерлер алды. 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А. Потонич

29.05.2026
Қаралым саны: 22