2022 жылдың 21 қазанында Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу қарсаңында «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ-де «Егемендік – елдің бағы жетпес игілігі» тақырыбында дебат өтті. Дебатқа қатысушылар «JASTAR» пікірсайыс клубының мүшелері болды.
Ойын барысында Тәуелсіздіктің «жақсы» және «жаман тұстары» талқыланды. Студенттер мемлекеттігіміздің дамуының барлық кезеңдерін, елімізде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларда болып жатқан елеулі оқиғаларды және Тәуелсіз Қазақстанның дамуын қамтуға тырысты.
Ойын барысында жігіттер тақырып төңірегінде қызу пікірталас жүргізді, қойылған сұрақтар бойынша нақты мысалдармен дәлелді жауаптар берді.
Ойын соңында жігіттер «Тәуелсіздік – елдің сарқылмас игілігі!» деген ортақ пікірге келді.
«JASTAR» пікірсайыс клубының жетекшісі Жүсіпбекова Қ.А.
Қаралым саны: 180