2022 жылдың 21 сәуiрiнде «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжi» КММ-де дәстүрлi түрде «Ашық есiк күнi» iс-шарасы өттi. Колледждегi «Ашық есiк күнi» дәстүрлi мерекеге айналып, бүгiнгi мектеп оқушылары, ертеңгi студенттерiмiз колледжде жүзеге асырылып жатқан мамандықтар туралы әңгiменi ықыласпен тыңдап, қабылдау тәртiбi туралы мағлұматтар алғаны өте қуанышты. Қонақтарға презентациялар көрсетiлдi, мамандық бойынша кәсiби сынақтар ұйымдастырылды. «Ашық есiк күнi» — мектеп оқушыларымен оқу орнымен, оның дәстүрлерiмен, ережелерiмен, оқу-тәрбие процесiнiң мiндеттерiмен танысуға мүмкiндiк беретiн жұмыс түрлерiнiң бiрi.
Баланың колледжге түсуi бала үшiн де, ата-ана үшiн де маңызды оқиға. Алғашқы кездесу қалай өтетiнi, оның барлық қатысушылары арасындағы қарым-қатынас қалай дамитындығы, болашақ студенттер мен мекеме ұжымының одан әрi өзара әрекеттесуi көп жағдайда байланысты. Педагогтар ұжымы мекемеде баланың дамуына, кәсiп пен жаңа бiлiм алуына қауiпсiз, педагогикалық сауатты және психологиялық қолайлы жағдай жасалғанын көрсетуге ұмтылды. «Ашық есiк күнiн» өткiзу туралы Ақжар ауданының мектептерiн алдын ала хабардар еттiк.
Директорының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары Патонич Н.А.
Қаралым саны: 99