2024 жылдың 29 мамырында «Ленинград ауылшаруашылық колледжі» КММ-сінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Болашақ үшін естелік» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараның мақсаты – тоталитаризм жылдарында өмірден озған халық өкілдеріне, рухының асқақтығымен ерекшеленген ұлт зиялыларының толқынына тағзым және терең құрмет көрсету.
1 курс студенттері саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш қозғалысы қайраткерлеріне арналған баяндамалар дайындап, саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық туралы ел тарихындағы ойларымен бөлісіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алудың қаншалықты маңызды екеніне тоқталып, заман талабына сай жаңғыртты.
Бұл шара саяси қуғын-сүргін құрбандарына, халық қасіреті мен Қазақстан аумағындағы лагерьлерге арналған. Далада қызыл қызғалдақтар гүлдегенде Қазақстан ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. Далаға ажал келген 20-30-шы жылдардағы сұмдық күндерді еске алып, табиғаттың өзі қан төгіп кеткендей.Адам болып қалу үшін мәңгі есте сақтау керек. Адамда қанша жады болса, ондағы адам да сонша. Халқыңның, өз еліңнің тарихында не болғанын білу – біздің азаматтық қана емес, адамдық парызымыз.
Тарих пәнінің мұғалімі Жусупбекова К.А.
Қаралым саны: 58